«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ақсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Аксуат отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата аналар жиналысының хаттамалары

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының

1 хаттамасы

 

Өтілген күні: 29.08.2022

Қатысқандар: 

Мектеп әкімшілігі

Сынып жетекшілер

5-11 сынып ата-аналары

Барлығы – 35 ата-ана

Өтілу түрі: Лекторий

 

Күн тәртібінде:

1.Оқу жылының басталуы туралы

2.Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтын, өз-өзіне қол жұмсауды болдырмаудың алдын алу шаралары туралы

4.Көп балалы отбасы мен аз қамтылған отбасы балаларына көрсетілетін көмек туралы

Тәрбие ісінің меңгерушісі:Туребаева А.П.

5.Сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

Сулейменов Ж.Б. «Адал Ұрпақ» клубының жетекшісі

6.Үйірмелер мен спорттық секциялар туралы

8.Сынып ата-аналар жиналысы

 

Тыңдалды:

1.Бірінші сұрақ бойынша мектеп директордың ТІЖО   Туребаева Аружан Парахатовна, ата-аналармен сәлемдесіп,  жиналыстың күн тәртібімен таныстырған соң еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мекемесінен келген маманға,мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкер Китаева С.Г. ға сөз берді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мекемесінің маманы:

Қазақстан үкіметі 2020 жылдан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақыны көбейтіп,табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілін өзгертуді ұсынғаны туралы толық ақпарат берді.Бұл жоба бойынша , 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалары 18 жасқа толмаған көп балалы отбасыларға табысына қарамастан 42 500 теңгеден 73 375 теңгеге дейін жәрдемақы берілетіні туралы,алайда мұндай отбасылардағы жұмысқа жарамды адамдардың барлығы әлеуметтік келісімшарт арқылы еңбекпен қамту орталықтарымен белсенді жұмыс істеуі тиіс екенін айтты. 

Мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкер Китаева С.Г.:

Мектеп асханасын жалға алып жұмыс жасап жатырмын.Толықтай жөндеу жұмыстарын жасадық. Асханадан барлық оқушылар мен ұстаздарға тамақ дайындалады. Мемлекет тарапынан жалпы оқу қорынан 9 бала тегін тамақпен қамтылды

2.Екінші сұрақ бойынша өз-өзіне қол жұмсауды болдырмаудың алдын алу шаралары туралы мектеп педагог-психологы арнайы презентация,видеороликтер көрсетіп,ата-аналарға пайдалы кеңестер берді.

3.Үшінші сұрақ бойынша тұрмыстық қиын жағдайда қалған  отбасындағы оқушылардың жағдайын бақылап,тексеру мақсатында ата-аналар комитетімен,мектеп инспекторы және ұстаздардан бірлескен патрульдік рейд құрылып,оқушылардың үй-тұрмыс жағдайын тексерген қорытынды туралы тәрбие ісі орынбасары Туребаева А.П.  айтып өтті.

4.Бесінші сұрақ төңірегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары,оқушылар арасында сыбайлас жемқорлық мәселелерін түсіндіру мақсатында «Адал Ұрпақ» клубы мүшелерімен атқарылған жұмыстар қорытындысы туралы клуб жетекшісі Самархан Е. айтып өтті.

5.Алтыншы сұрақ бойынша мектепте өткізілетін сабақтан тыс үйірмелер мен спорттық секциялардың өту және орындалу   барысымен бірлестік жетекшілері 1 тоқсанда өтілген жұмыстар туралы ата-аналар алдында   фотоотчетпен, слайдтармен есеп берді.

6.Жаңа жылдық мерекелердің ұйымдастыру барысы туралы тәрбие ісі орынбасары Туребаева А.П. , барлық ертеңгіліктер мен маскарадтар мектеп акт залында, спорт залында тегін ата-аналар мен ұстаздардың ұйымдастыруымен өтетінін айтып өтті. Ата-аналар тарапынан сұрақ болған жоқ.

Шешім:

  1.  Оқушылардың 1 тоқсандағы үлгерімі мен тәртібінің қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін
  2. Мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деп,алдағы уақытта асханада оқушыларды тамақтандыру барысын жандандырып,бақылау күшейтілсін.
  3. Көп балалы,аз қамтылған,тұрмыстық қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсету белгілі бір бағытта,жоспарлы түрде іске асырылып отырсын
  4. Өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар қанағаттанарлық деп есептелсін
  5. Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу   барысында атқарылып жатқан жұмыстар , «Адал Ұрпақ» клубының жұмысы жоспарлы түрде іске асырылып,алдағы уақытта жұмыстың жүру,өту барысы жандандырылсын
  6. Мектептегі үйірмелер мен спорттық секциялар жұмысы жоспарлы түрде іске асырылып,сабақтардың өту барысы қатаң қадағалауға алынсын.
  7. Жаңа жылдық ертеңгіліктер мен балдық маскарадтар ата-аналар,оқушылар және ұстаздардың   ұйымдастыруымен мектеп қабырғасында өткізілсін.

 

                    Жиналыс төрайымы:                /Туребаева А.П./

                    Жиналыс хатшысы:                  /Батырова Г.К./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы ата-аналар жиналысының 

 

ХАТТАМАСЫ  №__2__

Күні: 10.11.2022ж.

Қатысқандар: 32 

1.     Директордың ТІЖО – Туребаева А.П.

2.     Ата-аналар комитетінің төрайымы –  Альмагамбетова С.Б. 

     3. Ауыл медбикесі – Рапильбекова М.И.

     4.Мектеп психологы  – Хопаш Ж.

     5. НВТП жетекшісі Сулейменов Ж.Б.

     6.1-11 сынып жетекшілері

     7. 1-11 сыныптың ата-аналары 

 

Күн тәртібінде:

1. 2022-2023 оқу жылындағы 1 тоқсан бойынша атқарған жұмыстары.

2. «Мектепке жол» акциясы «Оқу барысының міндеті мен жауапкершілігі». Оқушылардың күнделіктеріне өзгерістер еңбегендігі туралы. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру туралы. Білім мекемелерінің жанынан құрылған қамқоршылық кеңесінің ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру.

 3. Мектептің Жарғысы мен ішкі тәртібімен таныстыру. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту» туралы бұйрықпен таныстыру. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға тарту. Мектептің ішкі тәртіп ережесі. 

4. Құқықбұзушылықтың алдын-алу. «Жол ережесі» (оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүру қауіпсіздігі, темір жол бойында жүру ережелері және темір жол қауіпсіздігі). «Жол көліктен жарақаттануды алдын-алу және олардың зардабын анағұрлым төмендету» жөнінде ескертулер жасау. Діни экстремистік терроризмнің алдын алу.

5. Бейәлеуметтік мінез-құлықты оқушылармен алдын алу жұмыстарын ата-аналар арқылы ұйымдастыру.

6. Ерте жүктіліктің алдын-алу.

7. Әр түрлі мәселелер.

 

Тыңдалды:

Директордың ТІЖО – Туребаева А.П. мектеп ғимаратына білім бөлімі тарапынан жаз уақытында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оқу ғимаратындағы оқушылар оқитын кабинеттер талапқа сай жабдықталған.  

 2022 жылдың 29 тамыздағы  №1 педагогикалық кеңестің шешімі негізінде және  2022 жылдың 28 тамыздағы Қамқоршылық кеңесінің №1 жиналыс отырысының шешімі негізінде қарастырылып, 1,2,3,4,5,6,7,8 9,10,11 сыныптар аптасына 5-күндік оқуға көшірілді, сыныптар аптасына

1 тоқсан бойынша мектепте жоспар бойынша барлық іс шаралар өткізілді, іс шараларға оқушылар мен ата аналар белсенді түрде қатысты.

      Келесі мәселе бойынша мектеп директорының ТІЖО Туребаева А.П. «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы туралы айтты. Акцияның мақсаты-  көп балалы, аз қамтылған отбасыларының балаларына  көмектесу,  баланың мектепке бармай қалуының алдын алу. Жыл сайын  өтетін қайырымдылық шарасы  биыл Қазақстан Республикасы Президентінің  тапсырмасымен көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында 3 шілдеде басталды.  «Мектепке жол» акциясы бойынша нақты көмек берілген төмендегі оқушыларды атап көрсетті. 

қ/с

Оқушының аты-жөні

Сынып

Демеуші

Көмектің түрі

1

Альмагамбетов Нурислам

3 а

Байтемиров Г

40000 тг

2

Жанарисұлы Ақылбек

Нурмуханов М

40000 тг

3

Копысов Артур

Байтемиров Г

40000 тг

4

Копейкин Владимир

Гаар Й

40000 тг

5

Копейкин Роман

Гаар Й

40000 тг

6

   

Горр Й

40000 тг

 

Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 1 «б» сыныптағы 1 оқушы Копейкин Роман инклюзивті білім беру бойынша және ПМПК-ның қорытындысы негізінде жеке оқу жоспары бойынша жалпы мектеп бағдарламасын қысқарту негізінде мектете білім алуда. 

1-11 сыныптар жаңартылған білім мазмұны негізінде оқытылуда. Жаңартылған білім мазмұны ,бағалау бойынша мұғалімдерге семинар өткізілді. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар  мен  тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»  мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына  сәйкес 9 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Шешім етті:

 4.1 «Мектепке жол» акциясы қанағаттанарлық болып табылсын.

 4.2  Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру туралы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырсын. 

Бесінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Туребаева А.П. мектептің ішкі  тәртіп ережесімен, яғни ішкі тәртіп ережесіндегі ата-аналар мен оқушылардың міндеттері туралы айтты. Мектептің ішкі тәртіп ережесі 2022 жылдың 29 тамыздағы №1 педагогикалық кеңестің шешімімен, кәсіподақ комитетінің төрайымы және де ата-аналар комитетінің төрағасы бекіттетіндігін ескертті. 

Ата-аналар міндеттері

1. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге, білім мен тәрбие сапасын жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға;

2. Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге міндетті (Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабының 2-тармақшасы);

3. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармақшасы);

4. «Баланы тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге» (Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 24- бабының 2-тармақшасы); 

5. Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы «Балалар құқықтары туралы» Заңының 37- бабының 2-тармақшасы);

6. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге; (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының

 3-тармақшасы); 

7. Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауына;

(Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 

15-1 тармақшасы);

8. Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға, күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға;

9. Сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет ұстатпауға;

10. Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсыздігінің жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауына алуға, балаға толық жауапкершілікті өз мойнына алуға;

11. Баланың мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне жеке жауапты екенін сезінуге;

12. Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігіне және ата-аналық міндетіне лайық еместігін сезінуге;

13. Баланың кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;

14. Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға;

15. Баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;

16. Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;

17. Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне, пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде, тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге;   

18. Балаларының мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б), ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;

19. Балаларының мектеп ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге.

20. Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;

21. Балаларының мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) және киімдерді (хиджаб, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) әкелуіне, пайдалануына, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге міндетті.

 Мектеп оқушыларының міндеттері.

1. Әр оқушы өз бойына Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға;

2. Сабаққа кешікпеуге, сабақтан себепсіз қалмауға;

3. Мектеп формасын сақтауға, сабаққа қажетті оқу-құралдарды толық әкелуге;

4. Өз ауысымының басталуына 15 минут қалғанда мектепте болуға;

5. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелері және өмір қауіпсіздігін сақтауға;

6. Табиғатқа нұқсан келтірмей, қамқор болуға;

7. Мектептің күнделікті ішкі тәртіп ережесін бұзбауға;

8. Мектеп мүлкін бұзбауға;

9. Сыныптастарына, жасы кішілерге күш қолданбауға, әлімжеттілік жасауға, адамның ар-намысын қорламауға;

10. Кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз бармауға;

11. Өзінің Қазақстан Республикасында тыйым салынған діндер мен діни ағымдар өкілдерімен кездесуіне, сұхбат құруына, үгіт-насихат кітаптарымен парақшаларын алуына, оқуына және таратуына қатаң тыйым салуға;

12. Сабақ уақтысында ұялы телефон, смартфон, планшет пайдаланбауға;

13. Мектепке нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелмеуге пайдаланбауға;

14. Мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б), ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға;

15. Мектептің ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғамауға, өзгені кемсітпеуге;

16. Мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелмеуге және пайдаланбауға;

17. Мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тәспі, айшық, діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б) және киімдерді (хиджаб, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) әкелмеуге, пайдаланбауға, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттамауға;

18. Мектепте міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. 

19. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

Мектеп формасы күнделікті және спорттық болып бөлінеді. 

  •  Ұлдардың мектеп формасы: 
  • пиджак, жилет, шалбар,  ақ көйлек. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
  •  
  • Қыздардың  мектеп формасы:
  • -пиджак, жилет, юбка, ақ көйлек. Қыздарға арналған юбкалар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тізені жауып тұрады. 

20. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

20. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.

         Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті 

1. Өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру, тазарту

2. Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшіліктің сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды

3. Оқушылар үзілісте кабинеттерді желдетуге мүмкіндік жасап дәлізге шығулары тиіс.

4. Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезінде тәртіпке көмектеседі.

5. Оқушылар баспалдақта өте мұқият болулары тиіс (баспалдақта жүгіруге, ойындар ұйымдастыруға, топталып тұруға тыйым салынады)

6. Оқушылар әжетхананы ұқыпты, таза, жеке бастың тазалығын сақтай отырып пайдаланулары қажет. 

Сабақ кезіндегі тәртіп

1. Сабақта оқушының, мұғалімнің сыртқы киіммен отыруына тыйым салынады.

2.  Сабаққа ата-аналар, бөгде адамдар мектеп директорының рұқсатымен жіберіледі.

3. Мектепке өткір, үшкір, кесетін, иісі жағымсыз және басқа да қауіпті, сабаққа қатысы жоқ заттарды әкелуге тыйым салынады. 

4. Мектеп ауданында темекі шегуге, балағат сөздер айтуға, шекілдеуік шағуға, құмар ойындарды ойнауға, сабақта –плеер тыңдауға, ұялы телефон қолдануға, қарым-қатынасты күшпен және тіл тигізіп, қорлау арқылы шешуге тыйым салынады.

5. Оқушылар сабаққа кешікпеуі тиіс.

6. Оқушы сабақтан өз еркімен шыға алмайды, тек жедел жағдайда мұғалімнің рұқсатымен шығуға мүмкіндік алады.

7. Дене тәрбиесі сабағынан босатылған оқушылар міндетті түрде сабақта отырулары қажет.

8. Сабақ уақытында дәлізде жүруге қатаң тыйым салынады.

9. Ауыздағы сағыз – мәдениетсіздіктің белгісі, Мектепте сағыз шайнауға болмайтынын айтты.

    Және де мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес барлық мектеп ата-аналары және оқушыларынан қол хат алынатындығы айтылды. Қол хат осы ата-аналар жиналысының қаулысының негізінде таратылатындығы ескертілді. Қол хатта мектептіңі ішкі тәр тәртіп ережесі қатаң түрде сақтаймын деп ата-аналар қол қоятындығын айтып өтті. 

Шешім етті:

5.1 Мектептің ішкі тәртіп ережесін ата-аналар мен оқушылар қатаң түрде сақтасын.

5.2 Ата-аналар мен оқушылар мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылып, қол хат ата-аналар мен оқушыларға таратылып, қол қойдырылсын. 

 

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселені мектеп психологы Хопаш Ж.  тақырып бойынша ата-аналарға қысқаша түсіндіріп өтті. Девиантты мінез-құлықты үлкен екі категорияға бөліп қарастырсақ. Біріншіден олмінез-құлық– ережеден ауытқыған психикалық саулық, ол ашық немесе жабық психопотологияны білдіреді. Екіншіден бейәлеуметтік мінез –құлық, ол әлеуметтік мәдениет және құқықтық ережелерді бұзу. 

Әлеуметтік факторлардан балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары көрінісінің жалпы және жеке факторларын бөліп шығарады. 

Жалпы әлеуметтік факторларға төмендегілер жатады

Қоғамның және оның нормаларының жетілмегендігі, мысалы:  агрессивті мінез-құлық қалыпты бола бастайды, себебі балаға агрессиясыз бәсекелесу, басқару, басшы болу, табысты болу өте қиын, ғалымдар баланың агрессияға «қатаңдығын» белгілейді.

Қоғам шынайы қарым-қатынас пен сөйлесім әдістерінің орны  виртуалды өмірде, интернет қоғамдастықтарда, ойындарда, қызметтердегі қарым-қатынаспен толтырылады.

Қоғам девиантты мінез-құлықты насихаттайды, себебі мұндай мінез-құлық қоғамды дамытатын өзгерістерге себепші болады.

Жеке әлеуметтік факторларға мыналарды жатқызады:

1. Ата-ана мен баланың арасындағы байланыстың жоқтығы немесе оның аз ғана, формальды түрде ғана көрінуі;

2. Қолдаудың жоқтығы. Ата-аналар және басқалары балаға көмек көрсеткісі келмейді, көрсете алмайды немесе көрсетпейді. Анасы балаға сезімін білдірмейді, ашық сөйлеспейді. Әкесі әкелік кеңес, ұсыныстар көмегімен әрекетке шақырмайды. 

3. Қауіпсіздікті сезінбейді. Бала үшін қауіпсіздікті сезіну – бұл оның ата-ана тарпынан қалайтын қажеттілігін түсіну, сол арқылы бала психикасының артықшылығы мен ерекшеліктерін тану, ата-ананың саналы түрде оның өміріне араласуы. Бала үшін қауіпсіздікті сезіне алмау дегеніміз – бұл ата-ана түсіністігінің жоқтығы. 

4. Қажеттіліктің, ақпарат құралдарының әртүрлілігі тұлға аралық байланыстың бұзылуының орнын толтыратын тәуелділіктің қол жетімді потенциалды объектілері болып табылады; 

5. Баланың жасөспірімдік қосалқы мәдениеттің бір бөлігі болғысы келетін қалауы. Бала ата-анасына өзінің жеке өмір сүру дәстүрінің бола алатынын, ересек екенін және сәйкес әлеуметтік рөлді орындай алатынын дәлелдегісі келеді. Мұндай баланың ата-анасы бұған дұрыс жауап қайтара алмайды немесе баланың қалауы мен тәрбиесін мүлде елемейді, яғни баланың өмір сүру дәстүріндегі нақты, сендіре алатын және қанағаттанарлық бағдары жоқ. Қосалқы мәдениет – баланың өзін «жақын» сезінетін тобы, көңіл-көтеру ортасы;

6. Өмірінің алғашқы екі жылындағы азапты уайымдар түріндегі зақымның болуы. Мұндай зақымның себебі баланың төмендегідей өмір фактілері болуы мүмкін: анасынан айырылу, баланың өмір қажеттіліктерін қанағаттандыруға ананың қабілетсіздігі, бала мен ана темпераментінің сәйкес келмеуі, сәбидің шектен тыс әсершілдігі, ата-ананың сәбиге психологиялық зақым келтіретін әрекеттері (зорлықпен тамақтандыру, қырсықтығын өзінше түсіну және т.б.); 

7. Ата-анасы баланы өзін-өзі жақсы көруге үйретпейді. Бала өзінің жаман, түкке тұрғысыз, пайдасыз екеніне көзі жеткен, ешкімге сенгісі келмейді; 

8. Ата-анасының өз сезімін керегінше білдіруіне, түсінуіне және оны көрсетуіне мүмкіндік бермейтін көңіл-күй ауытқушылықтарының болуы. Соған байланысты бала өз эмоциясымен, сезімімен бөліспейді, оларды ішінде тұншықтырып, тіпті жоққа шығарады; 

9. Ата-анасына эмоционалдық, психологиялық жағынан тәуелділік. Бала ата-анасының пікірі мен бағалауына тәуелді болады, үнемі олардың алдында өзін кінәлі сезінеді. Кез келген отбасылық мәселелерді осындай балалардың девиантты мінез-құлқы күшейте түседі. 

10. Ата-аналардың баланың ортақ тәуелді мінезін көрсетуге әкеп соғатын әртүрлі психологиялық мәселелері болады. Бірақ баланың жеке басының ерекшеліктері оның ата-ана мінез-құлқының жағымсыз әсеріне ұшырамайтындай болуы мүмкін екенін ескеру керек. 

11. Егер төмендегі қасиеттерге ие болса, бала тәуелді мінез-құлыққа тап болғыш болып келеді: 

жаңа жағдаяттарға бейімделгіштік, ішкі мазмұндық құрылымның жоқтығымен бейімделу; 

- көңіл-күй сапасы;

- сезімталдық;

- тіл тапқыштық, қарым-қатынас орнатудағы әлеуметтік шектеулердің жоқтығы;

- мінездің эпилептоидтық және гипертимдік акцентуациясы;

- ызақорлық;

- кіналау сезімінің санадан тыс қысым көруі; 

- өзінің ерекшеліктері мен стандартсыздығын тану;

 күйзелісті жеңу қабілетінің төмендеуі.

         Баланың әлеуметтік депривацияны бастан өткеруі девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік факторы, яғни ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болу аясы болып табылады, бұл баланың мамандандырылған көмектің және алдын алу шараларының іргетасы болып табылатын бейімдеу, әлеуметтендіру, өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктеріне қанағаттандыруға негізделеді.

Биологиялық факторларға төмендегілерді жатқызады:

1. Басынан зақым алу. Бас зақымы ағзалық психикалық ауытқушылықтың және бастағы мидың қалдықтық ағзалық жеткіліксіздігінің себептері болып табылады; 

2. Балалар мен жасөспірімдердің соматикалық шағымдарының болуы;

3. Темекі өнімдерін, алкоголді сусындар мен есірткіні жүйелі түрде тұтыну; 

4. Депрессияның, үрейдің және күйзелістің жоғары дәрежесі;

5. Эмоцияналдық тұрақсыздықтың жоғары дәрежесі;

6. Өз-өзіне қол жұмсаудың отбасылық тарихы және психикалық денсаулық ауытқушылығының таралуы; 

7. Ойлаудың бұзылуы;

8. Зақым келтіретін уайымдар. 

Жағымсыз психо-эмоционалдық жағдай және зақым келтіретін уайым девиантты мінез-құлыққа себепші болатын биологиялық фактор болып табылады, сондықтан ол мамандандырылған көмек пен алдын алу шаралары қосымшаларының негізгі мақсаттарының бірі болу керек.

 

Шешім етеді:

мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру бойынша; 

ата-аналардың, педагогтардың психологиялық сауаттылығын арттыру; 

әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың, ата-аналардың девианттық мінез-құлық табиғаты, түрлері мәселелері, аддиктивті, бейәлеуметтік, суицидалды мінез-құлық факторлары және белгілері жөнінде хабардар етілуін жоғарылату; 

сынып ұжымдарында қолайлы психологиялық климат тудыру бойынша жұмыс; 

қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардың балаларын оқытуда және тәрбиелеуде көмек көрсету;

 - отбасының және мектептің байланыстарын нығайту;

 - оқушылардың сабақтан қалуын бақылау; 

- оқушылардың қызығушылықтарын анықтау, кәсіби өз тағдырын шешуде, кейінгі білім алу жолын таңдауда көмек көрсету; 

- Мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру және ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілсін. 

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың дендеп бара жатқанын айтқан директордың ТІЖО Туребаева А.П.  тиісті мемлекеттік органдардың кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактика бағытындағы жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп отырғанын айта отырып, бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұ­мысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құ­қықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. 

     «Жол ережесі» (оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүру қауіпсіздігі, темір жол бойында жүру ережелері және темір жол қауіпсіздігі). «Жол көліктен жарақаттануды алдын-алу және олардың зардабын анағұрлым төмендету үшін ережені бұлжытпай орындау керек екенін сынып жетекшілер мен ата-аналардың күнделікті жауапкершілікпен қарауға шақырды. Жолда жүргенде тротуармен жүру, бағдаршамның жаяу жүргіншілер өтетін жерінен өту, әсіресе мектеп-гимназияда оқитын Азат шағын ауданы мен т.с.с. аудандардан келетін оқушылардың ата-аналары балаларыңыздың темір жолдан өту кезіндегі қауіпсіздігіне аса назар аударып, өздерінің мектепке келіп-кетуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

    Сонымен қатар Туребаева А.П.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  мемлекеттік бағдарламасымен қысқа таныстыра отырып, қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады. «Діни экстремизм» дегенімізде –діни өшпенділікті немесе алауыздықты,ал «терроризм» латын тілінен «қорқыныш үрей» дегенді білдіреді. Сондай-ақ деструктивтік діни ұйымына тартушы жетекшілері өз қатарына тарту ұшін олардың өмірлік маңызды мұқтаждықтарына назар аударады. Сол себепті көбіне жастарды өз қатарына тарту көп кездеседі. Оқушыларға қазіргі кездегі салт-дәстүрлердің ара қатынасы, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында теолог мамандармен пікірталастар ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру ата-аналар тарапынан көбірек қадағалауды тапсырды.

Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Шешім етті:

7.1 Құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырылсын.

7.2 Оқушылардың сабақтан тыс уақытта, сабаққа келер және қайтар кезіндегі  жолда  жүру жол ережесі  (оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүру қауіпсіздігі, темір жол бойында жүру ережелері және темір жол қауіпсіздігі) ата-аналарға жүктелсін. 

9.3 «Жол көліктен жарақаттануды алдын-алу және олардың зардабын анағұрлым төмендету» жөнінде ескертулер жасалынып отырылсын.

9.4 Діни экстремистік терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізіліп, теолог мамандармен кездесулер ұйымдастырылсын. 

 

Күн тәртібіндегі  жетінші мәселе ерте жүктіліктің алдын алу  бойынша баяндамашы  ауыл медбикесі Рапильбекова М.И. сөз алды. 

Ерте жүктілік қауіпті ме? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді, жүрек қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме түседі. Бұның қиындығы — жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, таксикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі — сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. Ерте жүктіліктің нәтижесі Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналдасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Ал жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы), жас ана тығырыққа тіреледі; білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктіліктің салдарынан болатын жиі кездесетін оқиға. 

Сондықтан,  ауруын жасырған өледі – деп қазақ атамыз айтқандай жасөспірімдердің басқан әрбір қадамын ата-ана және мектеп тарапынан жіті қадағалау керектігін қадап айтты.Құрметті ата-аналар балдарыңызды қадағалап бақылап жүріңіздер деп сөзін аяқтады.

Шешім етті:

8.1 Ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүйелі түрде жүргізіліп отырылсын. 

8.2  Қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары уақытылы жүргізіліп, мамандармен кездестіріп ұйымдастырылсын.

Әртүрлі мәселе бойынша өте өзекті мәселелердің бірі отпен мұқият болу туралы: Алдымызда жылыту кезеңі келе жатқандықтан өрт жағдайларының кең тараған оқиғаларына балалардың назарын аударыңыз, баланың отпен сотқарлығы, сөндірілмеген темекі қалдықтары, саяжай мен орман диегіндегі қоқыстарды өртеу, қысқа мерзімге тұйықталу, электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді дұрыс пайдалану туралы кеңінен тарқатып айтты.

 Сөз соңында ата-аналар мен мектеп бірігіп жұмыс жасаса, тәрбие жұмыстарымен қатар оқыту процесінің ілгерілейтіні анық деп атап өтті. 

 

 

                                 Жиналыс төрағасы                          Туребаева А.П. 

                                 Хатшы                                               Батырова Г.К.

 

Жаңартылған күні: 09.03.2023 14:02
Құрылған күні: 09.03.2023 14:02

Текст