циклограмма қараша

                                                                                                                                                            Бекітемін:                                                                                                 

                                                                                                                                                           «Ақмола облысы білім басқармасының                                                                            

                                                                                                                                                            Ерейментау ауданы білім бөлімінің                                                                                                                

                                                                                                                                                            Ақсуат ауылының жалпы білім беретін                                                               

                                                                                                                                                            мектебі» КММ-нің директордың м.а.                                                                       

                                                                                                                                                            Туребаева А.П.                                                                                                                                

 

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы                            

Білім беру ұйымы: «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы білім бөлімінің Ақсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ

Топ: Мектепалды даярлық тобы

Балалардың жасы: 5-6 жас

Жоспардың құрылу кезеңі:4-8  қараша  2024 жылы

 

                                                        Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Қараша айы 2024 жыл 1 апта

 

Күн тәртібі

Дүйсенбі

04.11.2024

Сейсенбі

05.11.2024

 

Сәрсенбі

06.11.2024

 

Бейсенбі

07.11.2024

Жұма   

08.11.2024

 

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күй, әсем әуенмен қарсы алу. Балалармен әңгімелесу, демалыс күндерін қалай және қайда өткізгендерін сұрау. Күй күмбірі

 

Балаларға  тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйретуді жалғастыру. Күй күмбірі

 

 

Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу . Баланың бүгінгі көңіл күйі, демалыс күндері  қалай өткені туралы  жеке пікірін білдіруге тарту  Күй күмбірі

 

Балалық шақ күйімен қарс ы алу Балаларға  тәрбиешінің  толық аты - жөнін  атап сәлемдесуді үйретуді жалғастыру Күй күмбірі

 

Балаларды көтеріңкі көңіл-күй, әсем әуенмен қарсы алу. Балалармен әңгімелесу, демалыс күндерін қалай және қайда өткізгендерін сұрау. Күй күмбірі

 

 

Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

 

Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

 

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

 «Дұрыс тамақтануға баулу»

 

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Ұлттық ойын: «Түйілген орамал»

Міндеті: Салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру

Бір тұтас тәрбие

 

Ұлттық ойын:«Әуе таяқ »

Міндеті: Шымыр болуға, ұлттық ойындарды ажырата отырып патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Жеті лақ» ертегісін мазмұндау. Бір тұтас тәрбие

 

Серуен кезіндегі өзін өзі ұстау ережелері, баспалдақтан түсу қауіпсіздігі туралы әңгіме

Қауіпсіздік ережелері

Ұлттық ойын: «Тақия тастамақ»

Міндеті: Балалардың адамгершілік патриоттық сезімдерін оятя отырып тәптіпті бала болуға тәрбиелеу. Бір тұтас тәрбие

 

Ұлттық ойын: «Бес асық»

Міндеті: Асық туралы жалпы түсінік беру, асықты қалай ату жолын көрсету. Бір тұтас тәрбие

 

Таңертенгі жаттығу

 Қараша айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені ( (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Таңғы ас

 Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Жеңдерін өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды шашыратпау білігін бекіту.  Өз орнын тауып отыру. Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды тамаққа  толтырып сөйлемеу. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды үйрету (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Көрнекілік негізінде 8 санының пайда болуымен таныстыру. 8 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету

Сөйлегенде көп мағыналы сөздерді,синонимдер мен антонимдерді қолдануды,белгілі бір затқа белгілерді,әрекеттерді және берілген әрекетке заттарды таңдай білуді дамыту.

 

Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдануды дамыту

Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы,тіктөртбұрыш)мен денелерді(шар,текше,цилиндр)дұрыс атап,оларды ажырата білуге жаттықтыру.

 

Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта,оң жақта,жоғарыда,төменде);қозғалыс бағыттары:сол жақтан оң жаққа,оң жақтан сол жаққа,жоғарыдан төменге,алға,артқа.

 

Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Өскенде мен кім болам?Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттарды білдіретін зат есімдермен, заттардың қасиеттері мен сапасын сипаттайтын сын есімдермен, адамдардың қарым-қатынасын, олардың еңбекке қатынасын білдіретін үстеулермен байыту.

Суретпен жұмыс: суретте не бейнеленгенін айтады, заттарды атайды.

 

Сауат ашу негіздері

Тақырып: Мен білетін жақсы сөздер. Сөз

Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.

 

Суретпен жұмыс: суретте не бейнеленгенін айтады, заттарды атайды. Сөздерді буынга бөледі, берлген сөзге сөйлем құрайды.

 

Дене шынықтыру

Тақырып: Ақылдылар.

Заттардың арасымен фитболды саусақпен жеңіл қозғалту шеберліктерін (машықтарын) бекіту. Ұжымшылдыққа, қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.

Шығармашылық:

Мүсіндеу

Тақырыбы: Кірпілер жанұясы күні бойы жемісжидек жинайды (кірпінің жанұясы) Адамның бейнесін, жануарлардың қимылдарын, қол-аяқтардың қалпын дұрыс мүсіндеу. Заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін көрсете білу, бөліктердің салыстырмалы көлемдерін сақтау, мүсінделген пішіндердің бөліктерін бір-біріне қосып, біріккен жерлерін тегістеу.

 

 

Көркем әдебиет

Тақырып:

Алтын бала (әңгіме)

Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту

 

Сауат ашу

Тақырып: Бəріміз тақпақ айтамыз. Буын Буын туралы ұғымдарды қалыптастыру, сөздерді буындарға бөлу, олардың саны мен ретін анықтау. Буындардан сөздер құрастыруға (ауызша) үйрету.

Суретпен жұмыс: суретте не бейнеленгенін айтады, заттарды атайды. Сөздерді буынга бөледі, берлген сөзге сөйлем құрайды.

 

Дене шынықтыру

Тақырып: Ақылдылар.

Заттардың арасымен фитболды саусақпен жеңіл қозғалту шеберліктерін (машықтарын) бекіту. Ұжымшылдыққа, қыздарды сыйлауға тәрбиелеу.

Қоршаған ортамен танысу

Тақырып:

Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.

Дидакталық ойын.  Мен тәртіпті баламын

 

Математика негіздері

Тақырып: Менің аулам. Не қайда орналасқан?Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру, жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату

Дидактикалық ойын: не кайда орналаскан?

 

Сауат ашу негіздері

Тақырып: Айналамдағы дыбыстар. Дыбыс

Сөздерді дыбыстық талдау: сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау.

Суретпен жұмыс: суретте не бейнеленгенін айтады, заттарды атайды. Сөздерді буынга бөледі, берлген сөзге сөйлем құрайды.

 

Дене шынықтыру

Тақырып: Бізбен бірге және бізден артық орында.

Күш, ептілік секілді дене сапаларын және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту. Ұжым болып бірлесіп тапсырмаларды орындауға және мейірімділік пен тәртіптілікке тәрбиелеу.

Сөйлеуді дамыту

Тақырып: Ең тәтті дүние.

Әңгіме мазмұнын толық айту арқылы сөздік қорларын дамыту. Хайуанаттарды жақсы көруге тәрбиелеу

Қазақ тілі

Тақырып: Балабақшадағы  қызметкерлердің атын білу, қарапайым сұрақтар қою және оларға жай сөйлеммен жауап беруге үйрету. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

 

Көркем әдебиет

Тақырып: Оқу құралдары хикаясы (ертегі)

Әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, себеп-салдарлық байланыстарды, Дидактикалық ойын:Сөмкеге не саламын.

Ертегі мазмунын айтады.

 

Математика негіздері

Тақырып: Заттарды өлшемі (биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) бойынша салыстырамын.

Дидактикалық ойын. Көленкесін тап .

Заттардың көленкесін табады, биіктігі мен ұзындығын ажыратады, салыстырады.

Музыка

Тақырып: Жомарт өлкем

Қазақ халқының музыкасын қабылдау. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. Халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету. Балаларды туған өлкесін сүюге,аялай білуге тәрбиелеу

 

Математика негіздері

Тақырып: Менің мерекем. Заттарды өлшемі (биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) бойынша салыстырамын.

Дидактикалық ойын. Көленкесін тап .

Заттардың көленкесін табады, биіктігі мен ұзындығын ажыратады, салыстырады.

 

Қазақ тілі

Тақырып: сөздерді сөз тіркесімен айтуға, сөйлем құрауға жаттықтыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Тақпақ жаттау. Шағын мәтіндер құрау үйрету

Қоршаған ортамен танысу

Тақырып: Су – тіршілік көзі

Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы түсініктерін нақтылау; судың қасиеттерімен таныстыру. Танымдық мүмкіндіктерін арттыру; тәжірибе жасай білу дағдыларын дамыту.  Суды үнемдеуге тәрбиелеу; топта жұмыс істей білуге, ұжымда өзін дұрыс ұстай білуге дағдыландыру

Музыка

Тақырып: Жомарт өлкем

Қазақ халқының музыкасын қабылдау. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. Халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету. Балаларды туған өлкесін сүюге,аялай білуге тәрбиелеу

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Дербес ойын

«Қуыршақты тамақтандыр».

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Мүсіндеу

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Танымдық-қимылды ойын:

«Аңдар жүрісі»

Мақсаты: Балалар аңдардың жүрісін салып, санай алады.

Қоршаған ортамен танысу

Қарым- қатынас

 іс –әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті

 

Суреттік боямалар

«Кім,қайда өмір сүреді»

Мақсаты: Балалар суретті таза бояп, туған жеріндегі жан-жануарлардың мекендерімен таныса алады.

Сурет салу

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Кітаппен жұмыс

«Аспазшы»

Мақсаты: Балалар аспазшы туралы түсіндіре алады.

Сөйлеуді дамыту

Қарым- қатынас

 іс –әрекеті

 

Дербес ойын «Мозайка»

Мақсаты:Балалар мазайканың ұсақ бөліктерін орналастыра алады.

Құрастыру

Шығармашылық іс әрекет, бейнелеу  іс-әрекеті

Балалармен жеке жұмыс

«Мұнара »

Мақсаты: Заттардың түсі, көлемі, пішінін өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.

                       «Түрлі түсті моншақтар»

Мақсаты: ермексазды пайдаланып кішкентай дөңгелектер жасау арқылы,қолдың моторикасын дамыту.

«Пирамида»

Мақсаты: Түрлі пішіндерден пирамидаларды құрастыру. Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштардың жапсырмаларын қолдану.

«Алмұрт »

Мақсаты: Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру. Ермексазды саусақпен басып, домалату, кесектерді біріктіруге үйрету.

«Менің сүйікті ойыншығым»

Мақсаты: Ойыншықтың түрлерін көрсетіп,өзіне ұнаған ойыншықтың атын атап, ұқыпты бояуға үйрету.

Серуенге дайындық

 Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге жаттықтыру. Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше немесе ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды  үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Серуен

Бақша ауласындағы жапырақтарды жинату.

(еңбек іс-әрекеті)

 

Қимылды ойын «Кегли»

Балалардың еркін ойыны

Қимылды ойын «Жүгіріп өтуге үлгер»

 

Балалардың еркін ойыны

 

 

Қимылды ойын «Кегли»

Көңілді әуенге би билеу, ән тыңдау.

(музыка)

Балалардың еркін ойыны

 

Орманнан шығар жол сызбасын таяқпен жерде сызу

(танымдық іс әрекет)

 

Қимылды ойын «Кегли»

 

Балалардың еркін ойыны

 

Қимылды ойын «Соқыр қойшы»

 

Балалардың еркін ойыны

 

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру.  Асықпай бір-бірін  итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу,  өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар  және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).

 

Балалардың үйге қайтуы

Ата-анаға кеңес:

Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру

 

Психологтың кеңесі:

Үйде баланың үй тапсырмасын қадағалау.

 

Балалармен өз отбасы туралы әңгімелесу.

.

Ата-аналармен әңгімелесу. Балаларды қайтару.

 

Кеңес: «Бала мен қоғам»