01.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті.
Мереке барысында оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен түрлі ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, қызықты бағдарламаларды тамашалады. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі тәтті сыйлықтар таратылып, балмұздақ және басқа да дәмді тағамдар ұсынылды.
Бұл күн балаларға ерекше қуаныш сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды. Балалардың жүзіндегі шаттық пен күлкі – мерекенің басты көрінісі болды.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Әрбір баланың балалық шағы бақытты, алаңсыз әрі қызықты өтсін!
Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!