1 қыркүйек - Білім күні
09.09.2026
Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек - Білім күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімінің кеңесшісі Жылқайдаров Т.Қ. арнайы келіп, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ақ тілегін білдірді.
Сонымен қатар, ауылымыздағы «Төрт түлік мол» ЖШС-нің басшысы Маратов Бағдат Маратұлы 1-сыныпқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге сөмке және оқуға қажетті оқу құрал-жабдықтарын сыйға тартты.
Балаларға жасаған бұл игі сыйы үшін Маратов Бағдат Маратұлына алғысымызды білдіреміз!
Барша ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, толағай табыс, ал бүлдіршіндерімізге сапалы білім мен жарқын болашақ тілейміз!
Білімді ұрпақ ел болашағы!
Просмотров: 22